
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Сыбайлас жемқорлық — қоғамның дамуына кедергі келтіріп, халықтың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс.
Әділдік пен адалдық — елдің тұрақты дамуының берік негізі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.
– Пара бермеу және пара алмау;
– заң талаптарын сақтау;
– қызметтік міндеттерді адал орындау;
– өз құқығыңды білу;
– заңсыз әрекеттерге бейжай қарамау — жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды қадамдары.
Біз адал еңбек пен әділдікке негізделген қоғам құруға бірге үлес қоса аламыз.
Адалдық бар жерде — жемқорлыққа орын жоқ!
Әділ қоғам — жарқын болашақтың кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-baqtybai-jolbarysuly/press/news/details/1281017?lang=ru

Жауап қалдыру