Қызылорда облысының тұрғындары құқық қорғау органдарымен байланыс орнату үшін цифрлық сервистерді жиі пайдаланып келеді. Заманауи платформалар азаматтарға смартфон арқылы полицияға жедел хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Енді құқық қорғау органдарына хабарласу үшін полиция бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Көп жағдайда қажетті ақпаратты смартфонның көмегімен-ақ жолдауға болады. Бұл цифрлық сервистер азаматтардың полициямен байланысын жеңілдетіп, өтініштер мен хабарламаларды жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Жыл басынан Полиция департаментіне омниканалды платформалар арқылы 472 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде ең көп хабарлама eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жолданған 238 өтініш. Kaspi.kz қосымшасы арқылы 190 хабарлама тіркелген. Цифрлық арналар арқылы келіп түскен әрбір хабарлама полиция қызметкерлерімен заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Бұл сервистер азаматтардың құқық бұзушылықтар мен оқиғалар туралы ақпаратты жедел жеткізуіне, ал полиция қызметкерлерінің қажетті шараларды уақтылы қабылдауына мүмкіндік береді. Қызылорда облысы Полиция департаменті тұрғындарды құқық бұзушылықтар мен оқиғалар туралы ақпаратты жеткізу кезінде заманауи цифрлық сервистерді белсенді пайдалануға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1281535?lang=ru

Жауап қалдыру