Пресс-релиз 2026 жылғы 27 тамызда Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тексеру комиссиясының отырысында «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де жүргізілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша бюджетке өтелуге жататын жалпы сомасы 1 442,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 13 рәсімдік сипаттағы бұзушылық және 5 жүйелі және өзге де кемшілік анықталды.

Аудит барысында өндірудің жоспарлы көлемдеріне қол жеткізілмеу, ең төменгі шығыстардың орындалмауы, жер құқықтарының уақтылы ресімделмеуі, міндетті төлемдердің орындалмауы, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігі мен салықтық есептілік деректері арасындағы алшақтық фактілері анықталды. Жер пайдаланудың қолданыстағы құқығынсыз кең таралған пайдалы қазбаларды (КПҚ) өндіру жағдайлары анықталды. Мемлекеттік органдардың бақылау қызметі негізінен рұқсаттар беруге, жер учаскелерін ұсынуға және есептілікті жинауға бағытталған, ал міндеттемелердің нақты орындалуына жүйелі мониторинг жүргізу жеткіліксіз жүзеге асырылған. Аудит нәтижелері ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және жер қойнауын пайдаланушыларды бақылаудың бірыңғай тетігін қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді — жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер учаскесін беруден бастап, өндіру көлемдерін бақылауға, қаржылық міндеттемелердің орындалуын және бюджетке төлемдердің түсуін бақылауға дейін. Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік реттеудің тиімділігін және саланың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік аудит объектілерінің атына ұсынымдары бар аудиторлық қорытынды және анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары Ұлытау облысының мәслихаты мен әкімдігіне жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/press/news/details/1281649?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді