
Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Жетібай ауылының тұрғындарын қабылдап, азаматтардың жұмыспен қамтылуына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Ашық диалог форматында өткен қабылдауда Жетібай ауылының тұрғындары өздерін толғандырған түйткілді сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі жұмыссыздықты азайту және халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған әрбір сұраққа қолданыстағы заңнама шеңберінде жан-жақты, нақты түсініктеме берілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1281650?lang=ru

Жауап қалдыру