ҚАЗЫҒҰРТТА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында Қазығұрт, Қарақозы Абдәлиев және Сарапхана ауылдық округтерінің тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыз сумен қамту, «Ағабек ата» және «Қ. Мамбет» көшелеріне асфальт төсеу, Жіңішке елді мекені аумағындағы трасса бойында орналасқан жер мәселесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты өтініштер айтылды.
Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берді.
Сонымен қатар, өтініштерді жан-жақты зерделеп, тиісті шешім қабылдау үшін жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Қабылдау қорытындысында аудан әкімі берілген тапсырмалардың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді және олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1281829?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді