2026 жылдың 26–27 тамыз күндері Қосшы қала прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында «Жылжымалы қабылдау» акциясы өткізілді.
Акция барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті кеңестер берілді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарға алаяқтықтан сақтану, банк карталары мен шоттарының деректерін бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс тұлғалардың нұсқауы бойынша ақша аудармау қажеттілігі түсіндірілді.
Бұдан бөлек, дропперлікке жол бермеу, банк карталары мен шоттарын үшінші тұлғаларға бермеу, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауаптылық туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында азаматтарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәселелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1281828?lang=ru

Жауап қалдыру