«Таза энергия – Қазақстанның тұрақты және қауіпсіз болашағы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның болашағы – сенімді әрі экологиялық таза энергетикада. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұрақты дамуы үшін энергия көздерін әртараптандырудың және атом энергетикасын дамыту мәселесіне байыппен қараудың маңызын атап келеді.  Бүгінде электр энергиясына деген сұраныс артып, қоршаған ортаны қорғау мәселесі де өзекті болып отыр. Сондықтан қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, заманауи технологияларды енгізу, ғылыми зерттеулерді дамыту және білікті мамандар даярлау – маңызды міндет.Атом энергетикасын дамыту – тек электр өндіру мәселесі емес, бұл экономикалық өсімге, жаңа технологияларға, жаңа жұмыс орындарына және еліміздің энергетикалық тәуелсіздігіне жол ашатын стратегиялық бағыт. Ең бастысы – әрбір шешім халықтың мүддесін, экологиялық қауіпсіздікті және болашақ ұрпақтың амандығын ескере отырып қабылдануы тиіс.
Таза табиғат, тұрақты энергия және қауіпсіз болашақ – баршамызға ортақ мақсат!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1281830?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді