Жаңа оқу жылы қарсаңында Атырауда мектеп қауіпсіздігі тексерілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жаңа оқу жылының басталуына орай Атырау қаласындағы білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жағдайына ерекше назар аударылуда.
🏫 Бүгінде қалада 109 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Тексеру барысында мектеп аумағындағы жол қозғалысын ұйымдастыру, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жай-күйі, жол белгілерінің болуы мен көрінуі, сондай-ақ бейнебақылау камералары, дабыл түймелері және кіреберістегі өткізу жүйелерінің қамтамасыз етілуі назарға алынуда. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ететін күзет қызметтерінің дайындығы мен шақыртуға келу жеделдігі де тексерілуде.
👮‍♂️ Балалардың мектепке қауіпсіз барып, сабақтан үйлеріне аман-есен оралуы – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан полиция қызметкерлері оқу жылы бойы мектеп маңындағы жол қозғалысын бақылап, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерінің жарамдылығын қадағалайды. Бұл бағыттағы жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың мектепке келуі мен үйлеріне қайтуы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1282301?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді