Балалардың қауіпсіздігі – полиция бақылауында: ШҚО-да 240 мектеп тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер білім беру органдарының өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын тексерді.

Комиссиялық тексерумен өңірдің 240 мектебі қамтылды. ШҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің және Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелердің күйін, сондай-ақ білім беру мекемелерін күзетудің ұйымдастырылуын тексерді.

Дабыл түймелерінің, бейнебақылау, бақылау және қолжетімділікті басқару жүйелерінің, турникеттердің жұмыс істеу қабілетіне, сондай-ақ қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерге дайындығына ерекше назар аударылды.

Облыс мектептерінде 9 769 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде 5 876-сы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдеріне қосылған.

Сонымен қатар, 113 мектеп лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілген.

Тексеру нәтижелері бойынша білім беру мекемелерінің басшыларына анықталған кемшіліктерді жою, қауіпсіздіктің техникалық құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және қажетті құжаттаманы өзекті күйге келтіру бойынша ұсыныстар берілді.

Полиция білім беру мекемелерінде профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Негізгі міндет – балалардың оқуы үшін қауіпсіз жағдайлар жасау, ықтимал қатерлерді уақытылы анықтау және оларды жою шараларын қабылдау.

Оқушылардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Жаңа оқу жылы қарсаңында полицейлер ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларға қауіп төндіруі мүмкін кез келген жағдайлар туралы дереу хабарлауға шақырады.

Дереккөз: ШҚО ПД

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1282351?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді