Ұзынкөл ауданының прокуратурасы аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 6 желтоқсандағы №51 шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында бұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, дәлелді себептермен өтініш берудің белгіленген үш айлық мерзімін өткізіп алған азаматтардың әлеуметтік көмек алу үшін іс жүзінде жүгіну мүмкіндігінен айырылғаны анықталды. Бұл ретте қолданыстағы Қағидаларда өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру тетігі көзделмеген.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтардан қосымша медициналық құжаттарды заңсыз талап ету фактісі анықталды. Бұл ретте қолданыстағы заңнамада әлеуметтік көмек алу үшін мұндай құжаттарды міндетті шарт ретінде ұсыну көзделмеген.
Анықталған бұзушылықтарға байланысты прокуратура наразылық енгізді. Оны қарау нәтижелері бойынша заң бұзушылықтар жойылып, Қағидалар заңнама талаптарына сәйкестендірілді.
Осылайша, қабылданған шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және мемлекет тарапынан көзделген әлеуметтік көмекті алу кезінде негізсіз шектеулерге жол бермеуге мүмкіндік берді.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1282346?lang=ru

Жауап қалдыру