Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 600 ана мен баланың құқығы қорғалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқоңыр қаласының прокуратурасы денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау барысында қалалық аурухана қызметінде бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Атап айтқанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жаңа туған нәрестелерге берілуі тиіс «Ана мен бала қобдишаларымен» толық қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмағаны белгілі болды.

Яғни, Байқоңыр қаласының тұрғындары жүктілік кезеңінде жергілікті медициналық ұйымда бақылауда болып, алайда босанғаннан кейін аналарға заңда көзделген дәрі қобдишалары берілмеген.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде тиісті шаралар қабылданып, олардың құқықтары қалпына келтіріліп, 600 ана мен балаға тиісті «Ана мен бала қобдишаларымен» қамтамасыз етілді.

Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың, оның ішінде нәрестелердің конституциялық құқықтарының бұзылуына әкелді.

Әлеуметтік маңызы бар салалардағы заңдылықтың сақталу мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1282348?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді