
Қарағандыда Кеншілер күніне орай ұйымдастырылған ауқымды концерттік бағдарлама жалғасуда. Әлемге танымал өнер жұлдыздары қатысқан мерекелік шараға облыс аумағынан, көршілес қалалардан, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келген тұрғындар мен қонақтар жиналуда.

21:00-дағы жағдай бойынша, шараға 170 мыңға жуық адам қатысты.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау саласының мамандары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ, құқық бұзушылықтар тіркелмеді.
Қауіпсіздік шаралары концерттік бағдарлама толық аяқталғанға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1282383?lang=ru

Жауап қалдыру