
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шалқар көлінде 2003 жылы туған қыз сапборд тақтасымен серуендеуге шыққан. Кенеттен жел күшейіп, жағалаудан алыстаған ол өздігінен кері қайтып келе алмаған.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар шықты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар демалушыға қауіпсіз түрде жағаға шығуға көмектесті.
ТЖМ ескертеді: сақ болыңыздар, құтқарушылардың ұсынымдарын орындаңыздар және демалысты жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеріңіздер. Қолайсыз ауа райы туралы ескерту алған жағдайда суға шығудан және басқа да ықтимал қауіпті әрекеттерден бас тартыңыздар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1282409?lang=ru

Жауап қалдыру