️ Ақтөбе облысында туристік нысандарға жол салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл Қарғалы ауданындағы «Қасқыр сарқырамасына» асфальт төселді.

Сонымен қатар Қобда ауданындағы «Абат Байтақ» кесенесіне де жол салынды. Тарихи әрі мәдени ескерткішке бұған дейін тек жаз мезгілінде қатынауға болатын. «Ақтөбе-Орал» тас жолынан 12 шақырым жердегі кесенеге жылына мыңға жуық турист тоқтайды. Сондықтан облыс бюджетінен қаржы бөлініп, тиісті инфрақұрылым жүргізілді.

💬 Жарасқан Темірбаев, Қобда аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Бұл жерде мүлде жол болған жоқ. Жолдың көтеріңкі топырақтарын төсеу, үстіне С4 щебень, кіре берісіне асфальт, Абат Байтақ кесенесінің маңындағы бізде автотұраққа асфальт төсеу, белгілерді және суағар құбырларын салған болатынбыз. Қазір жол көлік  жүруге ыңғайлы.

Дереккөз: Khabar.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1282860?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді