Балаларды тасымалдайтын автобустар тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқу жылының басталуына байланысты Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері балаларды тасымалдауға арналған автобустардың техникалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексерді.

Тексеру барысында автобустардың техникалық жағдайы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, сондай-ақ балаларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптардың орындалуы назарға алынды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері автобус жүргізушілерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау және балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажеттігі ескертілді.

Полиция қызметкерлері жаңа оқу жылы басталған кезеңде балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастырады.

https://www.instagram.com/reel/Dcn_iWzt01A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1283026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді