
Департаменттің еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы М.Сүйеубаев Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Көп бейінді облыстық ауруханасында еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру аясында еңбек ұжымымен кездесу өткізіліп, қызметкерлерге еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме берілді. Сонымен қатар, еңбек қатынастарын реттейтін заңнама талаптарын сақтау және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1283025?lang=ru

Жауап қалдыру