
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі көп жағдайда ересектердің назарына байланысты. Астана полициясы ата-аналар мен заңды өкілдерге балаларының қайда жүргенін, кімдермен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін күнделікті бақылауда ұстаудың маңыздылығын еске салады.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың өз бетінше үйден кету жағдайларының алдын алуға және олардың жүрген жерін анықтауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді. Бала жоғалғаны туралы ақпарат түскен жағдайда, полицейлер оны іздестіру бойынша қажетті шараларды дереу қабылдайды.
Сонымен қатар полицейлер мұндай жағдайлардың алдын алу олардың салдарын жоюдан әлдеқайда маңызды екенін атап өтеді. Ата-аналарға баласының араласатын ортасын алдын ала білу, оның көңіл-күйі мен мінез-құлқына назар аудару, күндік жоспарын, жүретін бағытын және үйге қайтатын уақытын талқылау ұсынылады. Сондай-ақ бала туындаған мәселелер немесе өміріндегі өзгерістер туралы ересектерге қорықпай айтуы үшін онымен сенімді қарым-қатынасты сақтау маңызды.
Бала үйге кешігіп, байланысқа шықпай қалған жағдайда ерекше назар аудару қажет. Оның өздігінен қайтып келуін немесе жақын арада қоңырау шалуын күтіп отыруға болмайды. Кәмелетке толмаған баланың қайда екені туралы ақпарат болмаған жағдайда, бұл туралы мүмкіндігінше тез арада «102» нөмірі арқылы полицияға хабарлау қажет.
Астана полициясы еске салады: балалардың қауіпсіздігіне қатысты қырағылықтың артықтығы болмайды. Кейде ата-ананың дер кезінде жасаған бір қоңырауы, жолдаған бір хабарламасы немесе қойған бір сұрағы ауыр зардаптардың алдын алуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1282882?lang=ru

Жауап қалдыру