
VІІІ сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХХХ сессиясы 2026 жылғы 10 қыркүйекте сағат 11.00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Сессияда қарауға мына мәселелер енгізіледі:
- «2026-2028 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 31/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 16/19 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 22/21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1283797?lang=ru

Жауап қалдыру