
Білім күні ерекше жылулықпен: ШҚО полицейлері әріптесінің шаңырағына барып қайтты
Білім күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде жарақат алған әріптесі Дамир Серіковтің отбасына арнайы барып қайтты.
Жеке құраммен жұмыс істеу жөніндегі басқарма бастығы, полиция полковнигі Марат Баяндинов Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі, полиция майоры Дастан Омаровпен бірге қызметкердің қызы Аяна Дамирқызын мерекемен құттықтады.
Биыл бұл бүлдіршін үшін өміріндегі ерекше маңызды кезең — ол алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отыр.
Қонақтар Аянаға білім әлемін үлкен қызығушылықпен ашуды, адал достар табуды, тек жақсы бағалар алып, мектепке әр күні көңілді баруды тіледі.
Бірінші сынып оқушысына арнайы мектеп рюкзагы мен тәттілер сыйға тартылды.
Дамир Серіков әріптестері үшін әлі де үлкен полиция отбасының ажырамас бөлігі болып қала береді. Қызмет бабында алған жарақатына қарамастан, оның жолдастары бұрынғы әріптесін ұмытпай, отбасы үшін маңызды сәттерде әрдайым қасынан табылуға тырысады.
Мұндай кездесулер, ең алдымен, жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қуаныш сыйлау және әріптестердің назары мен қолдауы кез келген жағдайда үзілмейтінін көрсету болып табылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1283373?lang=ru

Жауап қалдыру