Қазақстанда 249-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Корнеевка ауылында 249-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Өрт сөндіру бекеті Корнеевка, Леонидовка және Советское ауылдарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл елді мекендерде барлығы 2 363 адам тұрады, 850 аула бар.

  Өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің қолдауымен құрылды. Жедел әрекет ету үшін бөлімше ТЖМ ұсынған жол талғамайтын өрт сөндіру автоцистернасымен, қажетті құрал-жабдықтармен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен жабдықталған.

  Бекетте жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті барлық жағдай жасалған. Еріктілер Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы дайындықтан өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1283374?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді