
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Биыл байқауға қатысу үшін 163 отбасы құжат тапсырды. Облыстық кезеңге Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан 13 отбасы қатысты. Әр отбасы өздерінің өнегелі отбасылық өмірін, еңбекқорлығын, өзара түсіністігін, берік отбасылық дәстүрлерін және ұрпақ тәрбиесіндегі үлгісін көрсетті.
Облыстық кезеңде Глубокое ауданынан қатысқан Құрмашевтер отбасы жүлделі III орынға ие болды!
Құрмашевтер отбасын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, өзара түсіністік, бақыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
Әр шаңырақта сүйіспеншілік, сыйластық пен жылулық орнасын! Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1283696?lang=ru

Жауап қалдыру