2026 жылғы 31 тамызда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында салықтық әкімшілендіруге, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылылығына, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына, сондай-ақ Аршалы ауданына бөлінген бюджет қаражатының (активтердің) пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік тиімділік аудитінің қорытындылары шығарылды.
Отырыс жұмысына Аршалы ауданының әкімі Д.Б. Есжанов және аудитпен қамтылған объектілердің басшылары қатысты.
Мемлекеттік аудит барысында бірқатар қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражатын (активтерді) тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілері, сондай-ақ рәсімдік бұзушылықтар, жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға аудиторлық қорытынды мен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, қаралып отырған саладағы басқару сапасын арттыру жөніндегі ұсынымдар жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1283354?lang=ru

Жауап қалдыру