Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті алдағы уақытта ішкі рейстерде әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қызметі бойынша бағаның көтерілетіні туралы «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ хабарламасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдаулар ZOOM арқылы онлайн режимінде 2026 жылғы 9 қыркүйек сағат 11-00-де өткізіледі (конференция идентификаторы: 863 0293 9355, кіру коды: 744963).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-18; +7 701 767 50 56
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/1283638?lang=ru

Жауап қалдыру