
Рияд, 2026 жылғы 31 тамыз – Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Риядта өтіп жатқан «LEAP 2026» жаһандық технологиялық көрмесіне барып, «Astana Hub» халықаралық технопаркі ұйымдастырған Қазақстанның бірыңғай ұлттық павильонымен танысты. Экспозиция аясында Astana Hub халықаралық қауымдастыққа елдің цифрлық экожүйесін, соның ішінде Digital Nomad Visa мен Digital Nomad Residency бағдарламаларын, салықтық жеңілдіктерді, акселерациялық бастамалар мен шетелдік компанияларға арналған венчурлік мүмкіндіктерді таныстырды.
Павильон алаңында бес қазақстандық стартап өз әзірлемелерін ұсынды: Taulau (ЖИ көмегімен IT-өнімдер жасау), MediCards (стоматологияны цифрландыру), DataMost AI (САК-дағы PDPL деректерді қорғау сервисі), askAlem (ЖИ-агенттер төлемдерінің қауіпсіздігі) және Cyberlabs (оқыту киберполигоны).
Жоба өкілдерімен кездесу барысында Қазақстан Елшісі отандық шешімдердің технологиялық жетілу деңгейінің жоғарылығын және олардың жаһандық әрі Таяу Шығыс нарықтарының талаптарына бейімделгенін атап өтті.
Қазақстанның «LEAP 2026» көрмесіне қатысуы тікелей венчурлік инвестициялар тартуға, MENA өңірінің реттеушілерімен және корпорацияларымен серіктестік орнатуға кең мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ Қазақстанның Еуразиядағы негізгі цифрлық хаб ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1283545?lang=ru

Жауап қалдыру