
Семей қаласында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті.
Іс-шараға Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов, қалалық мәслихат депутаттары мен аппаратының қызметкерлері, «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қатысты.
Акцияға қатысушылар «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарының рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
Іс-шара аясында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1283890?lang=ru

Жауап қалдыру