«Ұстаз – ұрпақ болашағын қалыптастыратын тұлға»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Ұстаздың еңбегі – ұрпаққа білім берумен ғана шектелмейтін, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы міндет. Әр баланың жүрегіне білімнің шырағын жағып, бойына адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіретін де – ұстаз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та мұғалім еңбегін ерекше бағалап, ұстаз мәртебесін арттырудың маңызын үнемі атап келеді. Бүгінгі ұстаз – білім беруші ғана емес, шәкіртке бағыт-бағдар көрсететін тұлға, болашаққа жол ашатын көшбасшы. Ұстаздың әрбір сабағы, әрбір айтқан ақылы мен берген тәрбиесі – ел болашағына қосылған баға жетпес үлес. Барша ұлағатты ұстаздарға шығармашылық шабыт, мықты денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістігі – еңбектеріңіздің ең үлкен жемісі болсын! Ұстаз еңбегі әрдайым құрметке лайық!  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1283673?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді