Ардагерлер кітап сыйлап, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы және Ұлттық құндылықтар» жобасы аясында «Ардагер сыйға тартқан кітап» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара «Зерделі ұлт» бастамасы шеңберінде өтіп, аға буынның өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізуге, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Акция барысында ішкі істер органдарының ардагерлері жеке кітапханаларындағы таңдаулы кітаптарын жас қызметкерлерге сыйға тартты. Ардагерлер кітаптың адам дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына ықпал ететін маңызды құндылық екенін атап өтті.

Мұндай бастамалар ардагерлер мен жас буын арасындағы байланысты нығайтып, қызметтік дәстүрлердің сабақтастығын сақтауға, отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді.

Жетісу облысының Полиция департаментінде ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1284386?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді