
Бір өтініш — бір отбасыға үлкен қолдау!
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне М. есімді азаматша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болып, үш баласымен барар жері жоқ екенін айтып көмек сұрады.
Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, Жұмыспен қамту және арнаулы әлеуметтік отбасылық қолдау көрсету орталығының басшылығы және полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қабылдау жүргізді.
Нәтижесінде, тиісті шаралар қабылданып, анасы үш баласымен бірге отбасылық қолдау орталыққа орналастырылды.
Одан бөлек, кәмелетке толмаған балалардың білім алуына да жағдай жасалып, бүгінде олар Білім ордасында оқуын жалғастыруда.
Бұл — қиын жағдайға тап болған отбасыға көрсетілген нақты қолдаудың бір көрінісі.
Адам құқығын қорғау — қиын сәтте жанынан табылудан басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284389?lang=ru

Жауап қалдыру