Құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесімен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» жобасы және «Ашық есік күні» акциясы аясында қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындарға адам құқықтары мен бостандықтары, оларды қорғау тетіктері, азаматтардың заңды құқықтары туралы құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, азаматтардың өзекті мәселелері тыңдалып, құқықтық сипаттағы сұрақтарына түсіндірмелер беріліп, тиісті бағыт-бағдар көрсетілді.

Құқықтық сауаттылықты арттыру — азаматтардың өз құқықтарын білуі мен қорғауының маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284372?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді