ЕКІ АПТА ҚАЛДЫ: КІМДЕР КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУІ ТИІС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыру мерзімінің аяқталуына екі апта қалды.

270.00 нысаны бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыруға міндетті қазақстандықтар асығуы қажет. 2025 жыл үшін есепті 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру керек.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 270.00 нысанды декларацияны тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей, ал 2026 жылдың қорытындысы бойынша — 2027 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

270.00 нысанын келесі тұлғалар тапсыруы тиіс:

* Мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жубайлары;

* Заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент жубайлары;

* Жарғылық капиталдағы үлесі 10 пайыздан асатын заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен қатысушылары және олардың резидент жубайлары;

* Банктердің, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент жубайлары;

* Нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар;

* Шетелде мүлкі және шетелдік банктерде ірі шоттары бар тұлғалар;

* Цифрлық активтердің иелері;

* 2025 жылы 20 мың АЕК-тен асатын сомаға мүлік сатып алған азаматтар;

* Өз бетінше салық салуға жататын кірістер алған қазақстандықтар;

* Жекелеген салық шегерімдерін қолданған азаматтар.

Есептілік тапсырылғаннан кейін салық органдары камералдық бақылау жүргізеді. 270.00 нысанын тапсырған азаматтар бөлек санатқа бөлінбейді.

Камералық бақылау жүргізу кезінде салық органдары 270.00 нысанды декларацияны тапсырған жеке тұлғаларды бөлек санатқа бөлмейді. Камералық бақылау барлық тұлғаларға қатысты ерекшеліксіз жүргізіледі.

Мүлік, кірістер, міндеттемелер және басқа да салық салу объектілері туралы мәліметтер МКД-ға декларациялардан, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен және заңда көзделген басқа да көздерден түседі.

Декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет бұзғанда ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған — 2026 жылы бұл 64 875 теңге.

270.00 нысанды декларацияны электронды түрде, тұрғылықты жері бойынша қағаз түрінде ұсынуға немесе пошта арқылы жіберуге болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1284570?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді