ҚҰСПАНКӨЛДЕ ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ЕСІГІ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚҰСПАНКӨЛДЕ ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ЕСІГІ АШЫЛДЫ🎈

Сырым ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында маңызды әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді. Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Құспанкөл ауылында 60 орынға арналған жаңа мектеп ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.🎉

 

Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Рүстемұлы Мүлкей, “Karachaganak Petroleum Operating B.V.” компаниясы бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Парасат Жұмағалиев, ардагер ұстаздар, мәслихат депутаттары, білім саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары,оқушылар қатысты.

 

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Мирас Рүстемұлы Мүлкей жаңа мектептің ауыл балалары үшін маңыздылығына тоқталып, білім сапасын арттыруда заманауи мектеп инфрақұрылымының рөліне ерекше мән берді. Сондай-ақ ұстаз еңбегінің білім ордасының негізгі құндылығы екенін атап өтті.

 

Ашылу салтанатындағы ерекше сәттердің бірі – мектеп кілтін табыстау рәсімі болды. «MasterCommLogistics» ЖШС бас директоры Ержан Абжатұлы Таласбаев білім ордасының символдық кілтін Құспанкөл бастауыш мектебінің меңгерушісі Серік Еркінұлы Қадыровқа табыстады.🎀

 

Салтанатты лента қиылып, жаңа мектептің есігі ресми түрде ашылды. Іс-шара барысында ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымына ізгі тілектер айтылып, қонақтар білім ордасының ішкі тынысымен танысты.

 

Мектеп ғимаратының құрылысы 2025 жылы басталып, жобаның жалпы құны 1 миллиард 300 миллион теңгені құрады. Нысанның құрылысы мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» компаниясы қолдау көрсетті. Мердігерлік жұмыстарды «MasterCommLogistics» ЖШС жүзеге асырды.

 

Жаңа мектеп оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдайлардың барлығымен қамтылған.

 

Білім ордасында 10 оқу кабинеті, 2 шеберхана, 1 информатика кабинеті, спортзал, кітапхана, 60 орындық акт залы, 35 орындық асхана және бүлдіршіндерге арналған 26 орындық шағын орталығымен қамтылған .

 

Мектеп аумағында оқушылардың дене шынықтыру сабақтарын тиімді ұйымдастыруға және бос уақытын спортпен шұғылдануға ыңғайлы футбол алаңы да орналасқан. Сонымен қатар оқу кабинеттері мен мектептің ішкі кеңістігі білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білім алуға деген қызығушылығын арттыруға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.🎊

 

2026–2027 оқу жылында Құспанкөл негізгі орта мектебінде 56 оқушы білім алады.

 

Білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беретін мектеп ұжымының құрамы да толығатын болады.

 

Жаңа ғимараттың пайдалануға берілуі – ауыл тұрғындары үшін маңызды жаңалық әрі өскелең ұрпаққа жасалған үлкен мүмкіндік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1284252?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді