Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И.Құттықожаев тұрғындардың өтініштерін тыңдады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И.Құттықожаев жоспарға сәйкес жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады.

Қабылдауда болған Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғыны Г.Спанова екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған, қазіргі уақытта жастар тәжірибесімен жұмыс істеп жүрген қызын орта мектепке тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесін көтерсе, қала тұрғыны Ж.Спанова туған апасының ауыр диагнозына байланысты Үндістанда ем алып жатқандығын айтып, қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыруды сұрады.

Сонымен қатар, қала тұрғыны К. Әжібаев құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын 15 спортшыға қоғамдық көлікте тегін жүру құжатын алу жөнінде ұсынысын білдірді.

Қабылдауға келген Қызылжарма ауылдық округінің қоғамдастық кеңесінің төрайымы С.Смайлова Қызылжарма ауылдық округіндегі орта мектепке және мәдениет үйіне осы жергілікті жердің тумалары, Сыр еліне еңбегі сіңген азаматтардың есімін беру туралы ұсынысын жеткізді.

Мәслихат төрағасы қабылдауда болған азаматтарға ұсыныстары тиісті мекемелермен талқыланып, жұмыс жасалып, нәтижесі туралы қосымша хабарланатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1284608?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді