
Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы чемпионаттарының алғашқы жарыс күні аяқталды.
Жарыстың алғашқы күні Ұлытау облысы ТЖД 1-МӨСБ базасында «Шабуыл сатысымен көтерілу» тәртібі бойынша өтті. Спортшылар жоғары жылдамдық, дәлдік пен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Жүлделі орындар үшін тартыс жоғары деңгейде өтіп, үздік қатысушылардың нәтижелері арасындағы айырмашылық небәрі секундтың жүзден бірнеше бөлігін құрады.
Ерлер арасында спортшылар оқу-жаттығу мұнарасының төртінші қабатына дейінгі қашықтықты бағындырды.
Ерлер арасындағы жеке есеп:
1 орын – Ануарбеков Назарбек, Астана қаласы ТЖД, нәтижесі 14,18 сек;
2 орын – Денисенко Илья, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД, нәтижесі 14,26 сек;
3 орын – Агафонов Дмитрий, Батыс Қазақстан облысы ТЖД, нәтижесі 14,61 сек.
Ерлер арасындағы командалық есеп:
1 орын – Астана қаласы ТЖД, 88,03 сек;
2 орын – Ақмола облысы ТЖД, 88,68 сек;
3 орын – Алматы қаласы ТЖД, 88,73 сек.
Әйелдер арасында спортшылар оқу-жаттығу мұнарасының екінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша сынға түсті.
Әйелдер арасындағы жеке есеп:
1 орын – Подгородецкая Кристина, Астана қаласы ТЖД, нәтижесі 7,29 сек;
2 орын – Серикханова Алла, Астана қаласы ТЖД, нәтижесі 7,48 сек;
3 орын – Салмина Валентина, Шымкент қаласы ТЖД, нәтижесі 7,52 сек.
Әйелдер арасындағы командалық есеп:
1 орын – Қостанай облысы ТЖД, 45,67 сек;
2 орын – Астана қаласы ТЖД, 47,47 сек;
3 орын – Алматы қаласы ТЖД, 48,01 сек.
Ерлер арасында екі талпыныс қорытындысы бойынша күннің үздік нәтижесін Алматы қаласы ТЖД спортшысы Абильбаев Динмухамед көрсетті – 13,76 сек.
Әйелдер арасында екі талпыныс қорытындысы бойынша күннің үздік нәтижесін Шымкент қаласы ТЖД спортшысы Салмина Валентина көрсетті – 7,13 сек.
Ертең спортшылар жарысты «Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту» тәртібі бойынша жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1284607?lang=ru

Жауап қалдыру