Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерін қалыптастыруға қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының облыстық білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерін қалыптастыруға қатысу үшін кандидаттардан құжаттар қабылдау жарияланады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 3 қыркүйектен 23 қыркүйекті қоса алғанға дейін (20 күнтізбелік күн).

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

  1. мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
  2. педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
  3. жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
  4. үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
  5. қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
  6. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  1. өтініш (еркін түрде);
  2. үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  4. білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
  6. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Құжаттар Шығыс Қазақстан облысының мынадай мамандандырылған білім беру ұйымдарында қабылданады:

  1. «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Битибаев көшесі, 12/1.

Электрондық пошта: zhambul1920@mail.ru

  1. «Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп – лицей – интернаты» КММ

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Батыс тұйық көшесі, 96.

Электрондық пошта: vkolicei@mail.ru

  1. «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 11/1.

Электрондық пошта: valeoschool@vko.edu.kz

  1. «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 9А.

Электрондық пошта: mfivko@yandex.kz

  1. «Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Шығыс Қазақстан облыстық арнайы лицейі» КММ

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Лихарева көшесі, 5.

Электрондық пошта: Oskemen.er@bil.edu.kz

  1. «Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі» КММ

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қалиқан Ысқақ көшесі, 2/1

Электрондық пошта: it-school1997@mail.ru

Құжаттар 2026 жылғы 3 қыркүйектен 23 қыркүйекті қоса алғанға дейін жоғарыда көрсетілген мекенжайлар бойынша немесе тиісті білім беру ұйымдарының электрондық пошталары арқылы қабылданады.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерін қалыптастыруға мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1284728?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді