Тіл-мемлекеттік қызметтің тірегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5 қыркүйек – Қазақтан халқы тілдері күні қарсаңында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп,   “Тілім-тірегім” челленджін қолдау мақсатында  “Тіл-мемлекеттік қызметтің тірегі” атты мамандар арасында Quiz ойыны түрінде іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында мамандар мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша сұрақтарға нақты жауап беріп, жұмыс барысынан мысалдар келтіріп, белсенділік танытты.
Іс -шара соңында Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.К.Шалабаеваның Алғыс хаты табысталып , Абайдың өлеңдер жинағы сыйлыққа берілді.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, мемлекеттік тілде сапалы іс жүргізуге және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінде рөлін арттыруға ықпал етеді.
Тіл – халықтың құндылығы, еліміздің нығаймас беріктігінің негізі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1286236?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді