
Ақмола облысында Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.
Шара барысында тілдің қоғамдағы маңызы кеңінен дәріптеліп, қазақ тілінде сөйлейтін робот, интерактивті бейнематериалдар мен тақырыптық фотоаймақтар көпшілік назарына ұсынылды.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова құттықтау сөз сөйлеп, тіл саясатын дамытуға және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосқан азаматтарды марапаттады.
Салтанатты шарада мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазы және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Оксана Зинченко сөз сөйлеп, тілдің бүгінгі қоғамдағы рөліне тоқталды.
Жиын соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Шараның арнайы қонағы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали көпшілікке әннен шашу шашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1286371?lang=ru

Жауап қалдыру