
Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттары аяқталды.
Төрт күнге созылған жарыс барысында еліміздің барлық өңірінен келген спортшылар төрт тәртіп бойынша бақ сынады:
* шабуыл сатысымен көтерілу;
* кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту;
* 4×100 метрлік өрт эстафетасы;
* жауынгерлік қанат жаю.
Жарыстар спортшылардың жылдамдығын, дене дайындығын, кәсіби шеберлігін және командалық өзара іс-қимылын сынайтын маңызды додаға айналды.
Чемпионаттың қорытынды күнінде «Жауынгерлік қанат жаю» тәртібі бойынша жарыстар өтіп, сондай-ақ қоссайыс пен жалпы командалық есептің қорытындылары шығарылды.
Әйелдер арасындағы қоссайыс:
1 орын — Маңғыстау облысы ТЖД Реджеметова Ситора, 24,21 сек;
2 орын — Шымкент қаласы ТЖД Салмина Валентина, 24,43 сек;
3 орын — Астана қаласы ТЖД Подгородецкая Кристина, 24,63 сек.
Ерлер арасындағы екісайыс:
1 орын — Ақмола облысы ТЖД Савон Дмитрий, 30,22 сек;
2 орын — Алматы қаласы ТЖД Абильбаев Динмухамед, 30,30 сек;
3 орын — Маңғыстау облысы ТЖД Қонысбаев Абай, 30,33 сек.
Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте үздік командалар анықталды.
Әйелдер арасындағы жалпы командалық есеп:
1 орын — Қостанай облысы ТЖД;
2 орын — Астана қаласы ТЖД;
3 орын — Шығыс Қазақстан облысы ТЖД.
Ерлер арасындағы жалпы командалық есеп:
1 орын — Алматы қаласы ТЖД;
2 орын — Астана қаласы ТЖД;
3 орын — Маңғыстау облысы ТЖД.
Жарыстар салтанатты жабылу рәсімімен қорытындыланды. Іс-шараға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Болат Жұмабеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Данаев Дәурен, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, жаттықтырушылар, төрешілер мен спортшылар қатысты.
Салтанатты рәсім барысында жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Үздік спортшылар мен командалар жоғары спорттық нәтижелері, кәсіби шеберлігі және жеңіске деген жігері үшін марапатталды.
Чемпионаттар ауқымды спорттық іс-шара ғана емес, еліміздің үздік спортшыларын анықтайтын маңызды дода болды. Көрсетілген нәтижелер Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының алдағы әлем чемпионаттарына қатысу үшін құрамдарын жасақтау кезінде ескерілетін болады.
Ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттары өз мәресіне жетіп, жаңа рекордтар, жарқын жеңістер мен лайықты марапаттарды қалдырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1286428?lang=ru

Жауап қалдыру