Бірнеше секундтық тәуекел – қарсы жолаққа шығу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция тарапынан тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, ескертулер жасалып жатқанына қарамастан, жекелеген жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін саналы түрде бұзып, жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.
– Мәселен, «Атамекен – Курчатов» автожолында екіжақты қозғалысы бар, екі жолақты жолмен келе жатқан Skoda Rapid автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Құқық бұзушыға қатысты материалдар рәсімделіп, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деп хабарлады Ақсу қаласы ПБ бастығы Айдар Сламбеков.
Полиция департаменті қарсы жолаққа шығу жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең қауіпті түрлерінің бірі екенін және мұндай әрекеттердің ауыр жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатынын еске салады.
Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға, өз өмірі мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірін қатерге тікпеуге шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1286889?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді