Қазақ тазысы – даланың жүйрік серігі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылымызда жылқышылық кәсібін атқарып жүрген Қуандықов Ерғазы ағамыз жылқы бағумен қатар, ит асырауды да өзіне серік еткен азамат. Ол әртүрлі ит тұқымдарын баптап, соның ішінде қазақы тазыны және басқа да аңшылық ит тұқымдарын өсіріп келеді.
Ерғазы ағамыздың айтуынша, қазақ тазысы – өте сақ, сезімтал, жүйрік әрі төзімді ит. Мұны ол сайын далада жылқы бағып жүріп өз көзімен талай байқаған. Даланы еркін шарлап, айналасын жіті бақылап, қауіп-қатерді алыстан сезетін тазының бойындағы қасиеттер қазақтың кең даласындағы тіршілікке әбден бейімделгенін көрсетеді. Ағамыздың айтуынша, тазының қадірі оның сыртқы сымбатында ғана емес, мінезі мен алғырлығында, адалдығы мен аңшылық қабілетінде. Далада жылқы соңында жүріп, тазының табиғатын күнделікті өмірде танып-білуі – оның бұл іске деген шынайы ықыласын аңғартады.
Қазақ халқы үшін тұқымы асыл тазы – жай ғана ит емес, атадан балаға жалғасқан ұлттық мұра, саятшылық өнердің сенімді серігі. «Ит – жеті қазынаның бірі» деген халқымыз төрт аяқты серігін де қадірлеген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1289929?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді