
ҚХР-дың Тяньцзинь қаласында өткен China Mining 2026 XXVIII халықаралық конференциясы аясында елдің инвестициялық әлеуеті мен жаңа өндірістер құру перспективаларына арналған Kazakhstan Day панельдік сессиясы өтті.
Панельдік сессия жұмысын ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ашып, елімізде инвесторлар үшін жасалып жатқан жағдайлар және аумақтың геологиялық зерттелу деңгейін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
China Mining 2026 алаңында Ерсайын Нағаспаев ҚХР Табиғи ресурстар министрі Лю Гохунмен, Конго Демократиялық Республикасы Тау-кен өнеркәсібі министрі Луи Ватум Кабамбамен, Zijin Mining Group директорлар кеңесінің төрағасы Цзоу Лайчанмен, CARL компаниясының бас директоры Шу Чжиминмен, China National Gold Group Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Чжоу Чжоумен, сондай-ақ Aluminum Corporation of China (CHINALCO) басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында геология, жер қойнауын пайдалану, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді әріптестікке бағытталған бірқатар келісімге қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1290595?lang=ru

Жауап қалдыру