ОРДАБАСЫДА ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ІРІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МҮМКІНДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қытай Халық Республикасынан келген ірі инвесторлармен кездесіп, аудан аумағындағы инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады.
✔️Кездесу барысында инвесторлар Темірланда орналасқан «Мөлдір су» шипажайының иесімен кездесіп, аталған аумақта заманауи демалыс және сауықтыру кешенін дамыту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
✔️Тараптар екі ел арасындағы экономикалық және іскерлік байланыстарды нығайту аясында ауданның туристік және сауықтыру саласына инвестиция тарту мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, қолданыстағы демалыс орнын кеңейтіп, шипажайлық-сауықтыру бағытын дамыту, заманауи талаптарға сай жаңа нысандар салу мәселесі сөз болды.
✔️Аудан әкімі инвесторлармен жүргізілген кездесуде алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстарды нақты жобаларға айналдырып, өзара тиімді әріптестік орнату маңызды екенін атап өтті.
✔️Келіссөздер нәтижесінде Ордабасы ауданында демалыс және сауықтыру саласын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылып, алдағы уақытта тиісті жұмыстарды бірлесіп жүргізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1290593?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді