«Ақтөбе–Қарабұтақ–Ұлғайсын» жолындағы құрылыс жұмыстары бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кезекті жұмыс сапары барысында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Ринат Уразгалиев «Ақтөбе–Қарабұтақ–Ұлғайсын» автожолының реконструкциясы бойынша келесі нысандарға барып, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Алдымен автожолдың 819–825 шақырым аралығындағы учаскесіне барып, мердігер «Қыран» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыс барысын тексерді. Нысандағы жұмыс қарқыны мен техникалардың жұмылдырылуы қаралды.

Сондай-ақ автожолдың 810 шақырымында орналасқан көпірдің құрылыс жұмыстары тексерілді. Аталған нысандағы жұмыстарды «СинеМидасСтрой» ЖШС атқаруда.

Аудан әкімі жұмыс сапасы мен құрылыс қарқынына ерекше назар аударып, жауапты мердігерлерге жұмыстарды белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес жүргізу қажеттігін атап өтті.

Қазіргі уақытта жол өткеліндегі негізгі жұмыстар аяқталып, бүгін автожолдың екі жолағы мен жол өткелі арқылы көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр.17edited 14:26

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1290711?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді