
Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
Сіздерді шын жүректен Отбасы күнімен құттықтаймын!
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық. Отбасында біз сүйіспеншілік, қолдау, түсіністік пен ертеңгі күнге деген сенімді табамыз. Берекелі де тату отбасы – бақуатты қоғамның негізі.
Әр шаңырақта бейбітшілік, өзара түсіністік пен құрмет орнасын, ал отбасылық дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапсын. Барша отбасыларға зор денсаулық, бақыт, бақ-береке және жан жылуын тілеймін!
Жақындарыңызды қадірлеп, бірге өткізген әрбір сәтті бағалай біліңіздер.
Құрметпен Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1290869?lang=ru

Жауап қалдыру