ТРАНСПЛАНТАЦИЯҒА МҰҚТАЖ НАУҚАСТАР САНЫ АРТУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТРАНСПЛАНТАЦИЯҒА МҰҚТАЖ НАУҚАСТАР САНЫ АРТУДА
Қазақстанда ағза трансплантациясына мұқтаж азаматтардың саны әлі де жоғары. 2026 жылғы мәлімет бойынша, күту парағында 4739 науқас бар, оның 125-і – балалар.
Елімізде жыл сайын шамамен 300 трансплантация жасалады. Алайда 340-тан астам пациент донорлық ағза күту кезінде қайтыс болады. Қазіргі таңда жасалған трансплантациялардың 78 пайызы тірі туыстық донорлар есебінен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар соңғы жылдары қайтыс болған донорлар санының артуы байқалады. 2023–2025 жылдар аралығында посмерттік донорлар саны 49-дан 186-ға дейін өскен.
Мамандар трансплантация саласындағы негізгі мәселелердің бірі – донорлық ағзалардың тапшылығы екенін атап өтуде. Осыған байланысты трансплантациялық қызметті жетілдіру, өңірлердегі трансплант-координаторлардың жұмысын күшейту және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын арттыру маңызды.
Трансплантация – адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық медициналық көмектің маңызды бағыты. Сондықтан донорлық мәдениетті қалыптастыру – қоғам үшін ортақ міндет.

Показать меньше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1290867?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді