
«SKILLUP» жобасы аясында контент-продюсер Қуаныш Омардың «Смартфонмен контент жасау және монтаж» тақырыбында тренингі өтті. Оған қатысуға 120-дан астам жас ниет білдірді.
Жобаның ашылуында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы О. Бейсенбаев сөз сөйлеп, цифрлық сауаттылықты арттыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары Б. Наурызбаев және «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Р. Оспанов қатысты.
Тренинг барысында 14 пен 35 жас аралығындағы оқушылар, студенттер, жас мамандар және NEET санатындағы жастар смартфон арқылы контент әзірлеу, сценарий құру, бейнетүсірілім және монтаж жасау тәсілдерін меңгерді.
Жалпы жоба бір ай көлемінде жүзеге асырылады. Оқыту барысында қатысушыларға практикалық тапсырмалар беріліп, орындалған жұмыстар бойынша тренермен кері байланыс жүргізіледі. Жоба аясында жастардың заманауи цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту жұмыстары жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1291738?lang=ru

Жауап қалдыру