
Конституциялық Сот Жоғарғы Соттың қылмыстық процесте дәлелдемелерді бағалау мәселелері бойынша нормативтік қаулысының ережесін Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан тексеру туралы өтінішті қарады. Оған дәлелдемелер ретінде аудио- және бейнежазбалар пайдаланылған қылмыстық іс негіз болды.
Конституциялық Сот заңды жолмен алынған мәліметтер ғана дәлелдемелер деп танылуы мүмкін екенін атап өтті. Дауланып отырған ереже аудио- және бейнежазбаларды алу тәртібін белгілемейді және сотты олардың қатыстылығын, жол берілетіндігін және анықтығын тексеру міндетінен босатпайды.
Нақты жазбаларды алудың заңдылығы, сондай-ақ жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығының сақталуы мәселелерін тиісті қылмыстық істі қарау кезінде қылмыстық қудалау органдары мен сот бағалауға тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1291737?lang=ru

Жауап қалдыру