АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД-ДЕ КОРРУПЦИЯ МЕН ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Алатау қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану мен теріс пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жеке құрамға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, заңдылықты және белгіленген тәртіп нормаларын бұзғаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылғаны жеткізілді. Сонымен қатар қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық, жауапкершілік және заңдылық қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

Осындай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, алдағы уақытта Алматы облысының барлық аумақтық полиция бөлімшелерін қамтитын болады.

Жұмыстың негізгі мақсаты – қызметтік тәртіпті нығайту, қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру және сыбайлас жемқорлық пен қызметтік тәртіпті бұзудың кез келген көріністерінің алдын алу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1291965?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді