
Жабасақ ауылдық округінің әкімі болып ЕРМАҒАМБЕТОВ Серікқали Сәбитұлы сайланды ЕРМАҒАМБЕТОВ Серікқали Сәбитұлы 27 наурыз 1979 жылы Әйтеке би ауданы, Байжанкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Алматы гуманитарлық-экономикалық университетін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Байжанкөл бастауыш мектебінде мұғалім болып бастаған.
2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Байжанкөл бастауыш мектебінің меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қыркүйегіндегі шешімі негізінде а.ж. 14 қыркүйегінен бастап Жабасақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1291966?lang=ru

Жауап қалдыру