ОТЫРАРДА «ОТЫРАР ШҰБАТЫ» БРЕНДІМЕН ТАБИҒИ ӨНІМ ӨНДІРІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданында ұлттық сусын өндірісін дамытуға басымдық беріліп, жергілікті кәсіпкерлер тарапынан сапалы әрі табиғи өнім өндіру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – қымыран және шұбат өнімдерін шығаратын «Гүлмайра» шаруа қожалығы.
Шаруашылық базасында «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында іске қосылған шұбат өндіру цехы заманауи талаптарға сай жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Қазіргі таңда өндіріс орны тәулігіне 2 тоннаға дейін шұбат өнімін өндіреді. Табиғи әрі сапалы өнім тұтынушылар арасында сұранысқа ие болып, «Отырар шұбаты» брендімен танылып отыр.
Шаруашылықта өндірілетін отандық өнім Отырар ауданымен ғана шектелмей, бүгінде еліміздің бірқатар өңірлеріне, атап айтқанда, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Ақмола облыстарына жеткізіледі.
Ұлттық сусын өндірісін жолға қою – ауыл шаруашылығын дамыту, жергілікті өнім көлемін арттырумен қатар, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі. Бұл ретте «Гүлмайра» шаруа қожалығының жұмысы Отырар ауданындағы агроөнеркәсіптік сектордың әлеуетін арттыруға өз үлесін қосып келеді.
Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, өнім түрлерін көбейту және нарықтағы «Отырар шұбаты» брендіне деген сұранысты арттыру көзделуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1292358?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді