
Құзыреттілік орталықтары: мамандандырылған медициналық көмек қолжетімділігі артады
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында терапевтік бағыттар бойынша әдіснамалық құзыреттілік орталықтарын кезең-кезеңімен ашу жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында аурухананың қолданыстағы үй-жайларын санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкестендіру үшін жергілікті бюджеттен 39,6 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар орталықтарды заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге 308,8 млн теңге қарастырылған. Осылайша, жалпы қаржыландыру көлемі 348,5 млн теңгені құрайды.
Қаражат есебінен сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйе, 12 арналы ЭКГ аппараты, артериялық қысымды тәуліктік мониторингтеу және холтерлік мониторинг жүйелері, тыныс алу уреазалық тестіне арналған құрылғы, телемедициналық жиынтық және компьютерлік техника сатып алу көзделген.
Құзыреттілік орталықтарының жұмысы амбулаториялық деңгейдегі мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес, орталықтарда тәулігіне кемінде 60 пациентті, ал жылына орта есеппен 14 700 науқасты қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.
Жоба жүзеге асқан жағдайда ауруларды ерте анықтау, диагностика мен емдеу сапасын арттыру, бейінді мамандарға кезек күту уақытын қысқарту және стационарларға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Показать меньше
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1291724?lang=kk

Жауап қалдыру